Қостанай қаласында 1 маусымнан бастап екі жаңа автобус бағыты іске қосылады: №4 және №6 маршруттары
Қостанай қаласында 1 маусымнан бастап екі жаңа автобус бағыты іске қосылады: №4 және №6 маршруттары. Сонымен қатар, сәуір айында оңтайландырылған бағыттардың бірі — №24 маршрут бұрынғы қозғалыс сызбасына қайта оралады. Ал облыс орталығы мен Рудный арасында жүрген №120 автобус енді Қостанай қаласы бюджетінен субсидия алуға үміткер бола алмайды.



