07.07.2026 17:53
Қазақ Қазақ
USD 472.03
EUR 540.29
RUB 6.11
Жаңалықтар

Қостанай ауданында “Каменное” көлі маңы қоқыстан тазартылды

  • 25 мая, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 6

Әлеуметтік желідегі шағымнан кейін әкімдік жедел іске көшті. Қостанай ауданында “Каменное” көлі маңы қоқыстан тазартылды. Соңғы уақытта бұл демалыс орны әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түскен болатын. Желідегілер көл жағасындағы бейберекет шашылған қоқысқа наразылықтарын білдіріп, тазалық мәселесін ашық айтып шағымданған. Осыған байланысты әкімдік арнайы тазалық акциясын ұйымдастырып, бір сағат ішінде көл жағасын қоқыстан арылтты.