Тобыл өзеніндегі балықтарға зерттеу жүргізілуде
Тобыл өзеніндегі балықтарға зерттеу жүргізілуде. Батыс Қазақстан облысынан келген арнайы ғалымдар тобы жергілікті мамандармен бірлесіп су маржандарының тыныс тіршілігін бақылауда. Нақтырақ айтсақ, балықтардың өлшемі, салмағы, жынысы және жасы тексерілуде. Бұдан бөлек, олардың қорек қоры мен тіршілік ету ортасының жағдайы кешенді түрде зерделеніп жатыр.



