Қостанай облысында жеке сот орындаушыларына қатысты шағымдар азайып келеді
Қостанай облысында жеке сот орындаушыларына қатысты шағымдар азайып келеді. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының мәліметінше, былтыр қаралған 1 200-ге жуық істің 315-і дәл осы сала өкілдерінің әрекетіне байланысты болған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 13 іске аз. Тұрғындар мен заң өкілдері арасындағы мұндай түйткілдердің басым бөлігі негізінен алимент қарызын есептеудің әділдігі, атқарушылық істі уақытылы тоқтату, сот орындаушыларының қызмет ақысын төлеу және тәркіленген мүлікті сатуға беру сияқты күрделі мәселелерден туындайды.



