Қостанайда биыл 40 бағдаршам жаңасына ауыстырылады
Қостанайда биыл 40 бағдаршам жаңасына ауыстырылады. Қалада жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында қиылыстарды кешенді түрде реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда мердігер ұйым 4 ескі бағдаршамды заманауи құрылғыларға ауыстырып үлгерген. Мамандардың айтуынша, жаңа үлгідегі құрылғылар қатты аяз бен жауын-шашынға төзімді болып жасалған. Сонымен қатар, жаңартылған жүйеде орнатылған үлкен таймерлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге қозғалыс уақытын алыстан анық көруге мүмкіндік береді.



