Қостанайдағы Нариман базары қала картасынан жойылып барады
Қостанайдағы Нариман базары қала картасынан жойылып барады. Қазір аумақ босап, павильондар бұзылып жатыр, ал жақын уақытта жеке тұрғын үйлерді де сүру жұмыстары басталмақ. Бір тұрғындар үшін бұл тұтас бір дәуірдің аяқталуы болса, енді біреулер үшін қала ортасының жаңаруы мен дамуы. Билік ескі базар орнына 1200 орындық жаңа мектеп салуды жоспарлап отыр. Алайда жерді сатып алу мен ғимараттарды бұзу жұмыстары түрлі келіспеушіліктер мен сот істері арқылы өтуде



