Қазақстанның бірнеше өңірінде жалған хабарламаларды таратты деген күдікпен жасөспірімдер анықталды
Қазақстанның бірнеше өңірінде жарылыс, өрт қою және басқа да қауіптер дайындалып жатыр деген жалған хабарламаларды таратты деген күдікпен жасөспірімдер анықталды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі өкілдері мұндай хабарлама «әзіл» немесе қалжың ретінде таратылғанның өзінде, оның авторының әрекеті қылмыстық құқықбұзушылық болып саналатынын еске салады.



