13.05.2026 09:30
Қазақ Қазақ
USD 463.91
EUR 544.63
RUB 6.26
Жаңалықтар

Лисаков қаласының іргесіндегі Октябрьский кентіне су құбыры тартылып жатыр

  • 13 мая, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

Лисаков қаласының іргесіндегі Октябрьский кентіне су құбыры тартылып жатыр. Мердігер мекеме жұмыстардың екінші кезеңіне көшкен. Қазіргі таңда мұнда құбыр тарту және қазылған аумақты қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.Жалпы ұзындығы 2,5 шақырым болатын учаскені алдағы екі айда толық аяқтау жоспарланып отыр. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін Октябрьский кенті Лисаков қаласының орталықтандырылған су жүйесіне қосылады. Бұл өз кезегінде тұрғындарды сапалы әрі тазартылған ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.