13.05.2026 09:25
Қазақ Қазақ
USD 463.91
EUR 544.63
RUB 6.26
Жаңалықтар

Бүгінде Қостанайда кезекте тұрған азаматтар үшін 1300-ге жуық жалдамалы пәтер берілген

  • 13 мая, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Бүгінде Қостанайда кезекте тұрған азаматтар үшін 1300-ге жуық жалдамалы пәтер берілген. Алайда қоныс тойын тойлағандардың көбеюімен бірге, жалдау ақысы бойынша қарыз да қордаланып жатыр. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, кейбір тұрғындар айлап төлем жасамайды, тіпті іс сот арқылы үйден шығаруға дейін барады. Осыған байланысты, енді борышкерлерді арнайы мобильді қосымша анықтайтын болды. Әзірге жоба сынақ ретінде іске қосылғанымен, алғашқы нәтиже жаман емес. Бар-жоғы бірнеше аптаның ішінде бюджетке 2 миллион теңгеге жуық берешек қайтарылды.