Қостанайлық диқандардың киіктерден зардап шегуі жалғасып келеді
Қостанайлық диқандардың киіктерден зардап шегуі жалғасып келеді. Егіс алқаптарына жайылған дала бөкендерін шаруалар әзірге тек үркітіп қана шығарып жүр. Алайда бұл шара айтарлықтай нәтиже бермей отыр. Сондықтан диқандар киік санын реттеу мәселесін көтеруде. Олардың айтуынша, қазір ел бойынша ақбөкендер саны 7 миллионнан асып кеткен.



