Қазақстандық әншілер енді фонограммамен ән айтатынын алдын ала ескертуі қажет
Қазақстандық әншілер енді фонограммамен ән айтатынын алдын ала ескертуі қажет. Елімізде жаңа талап күшіне енді. Ережеге сай, егер орындаушы әнді жанды дауыста айтпаса, бұл ақпарат концерт афишасында және билетте тайға таңба басқандай анық жазылуы тиіс. Ал теле-радиодағы жарнамада ескерту кемінде 5 секунд айтылуы шарт. Бұдан бөлек, елімізде қазір авторлардың құқығын қорғайтын бірегей платформаға тіркелу жүріп жатыр.



