Ел қорғаны болған айбынды азаматтар мен қоғамға үлгілі тұлғалар ұлықталды
Ел қорғаны болған айбынды азаматтар мен қоғамға үлгілі тұлғалар ұлықталды. Қостанайдағы Ұлттық ұлан бөлімінде Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты жиын өтті. Мерекелік шарада қызметте ерекшеленген бірқатар мамандар мен әскери сала өкілдеріне марапаттар табысталды. Жиынның басты кейіпкерлері — 100 жастағы майдангер мен ерлік көрсеткен мектеп оқушысы болды.



