Жеңіс күніне орай өскелең ұрпақ қариялардың үйіне арнайы барып, жүрекжарды алғыстарын білдірді
Қазір шаһарда Ұлы Отан соғысына қатысқан үш майдангер тұрады. Батыр бабалардың үшеуі де биыл 100 жаста. Жеңіс күніне орай өскелең ұрпақ қариялардың үйіне арнайы барып, жүрекжарды алғыстарын білдірді. Жиналған қауым ардагерлерге гүл шоқтарын ұсынып, сарбаздардан құралған оркестрдің сүйемелдеуімен патриоттық әндер орындап, ерекше құрмет көрсетті. Батыр бабалардың шаңырағына біздің түсірілім топ та арнайы барды.



