Қырда өскен қызғалдақты жұлам деп, 11 миллион теңге айыппұл арқалап қалмаңыз!
Қырда өскен қызғалдақты жұлам деп, 11 миллион теңге айыппұл арқалап қалмаңыз! Елімізде мамыр айының келуімен Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін өсімдіктер гүлдей бастады. Бүгінде мемлекет қорғауына алынған жабайы қызғалдақтың 18 түрі бар. Олар тек табиғи әсемдігімен ғана емес, баға жетпес ғылыми құндылығымен де ерекше. Осыған байланысты, тәртіп сақшылары гүлдеу кезеңінде бақылауды күшейтті. Сонымен қатар, өзге де жабайы өсімдіктерді жұлғаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған.



