1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Қостанай ауданында сән-салтанатпен аталып өтті
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Қостанай ауданында сән-салтанатпен аталып өтті. Мемлекеттік мекеме өкілдері мен түрлі ұйым қызметкерлері әр ұлттың бай дәстүрі мен мәдениетін паш ету мақсатында этноқалашықтар құрды. Онда кең дастархан жайылып, әуезді әуен әуелеп, жалынды жыр төгілді. Өз кезегінде арнайы құрылған қазылар алқасы үздіктерді анықтап, марапаттады.



