Қостанайда бокстан халықаралық турнир шешуші кезеңге табан тіреді
Қостанайда бокстан халықаралық турнир шешуші кезеңге табан тіреді. КСРО және Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушыларын ұлықтауға арналған жарыстың жартылай финалдық жекпе-жектері өтті. 5 мемлекеттен жиналған 150-ден астам былғары қолғап шебері тек жүлде үшін емес, Азия чемпионатына жолдама алу үшін барын салып жатыр.



