Биыл Қостанайда 5 мың түп ағаш отырғызылады
Биыл Қостанайда 5 мың түп ағаш отырғызылады. Шаһарда көшет егу науқаны басталып кетті. Жоспарға сәйкес, Триталон паркі, Әуежай, Юбилейный шағын аудандары жасыл желекке толығады. Көшеттер көршілес Ресейден әкелінген. Сонымен қатар, қала көшелері мен саябақтарына 1 миллион данадан астам бір жылдық гүл егілмек.



