Лисаков қаласында ірі май экстракциялау зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр
Лисаков қаласында ірі май экстракциялау зауытының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Шетелдік инвестор қатысқан жобаның құны 39 миллиард теңгеден асады. Болашақта кәсіпорын тәулігіне 1200 тоннаға дейін күнбағыс пен рапсты өңдеуге қауқарлы болады. Қазір құрылыс алаңында негізгі өндірістік корпустар бой көтеріп жатыр. Зауытты іске қосу 2027 жылдың наурызына жоспарланған. Жоба аясында 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.



