30.04.2026 09:52
Қазақ Қазақ
USD 461.55
EUR 540.38
RUB 6.15
Жаңалықтар

Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік инспекциясының мамандары күзет шараларын күшейтті

  • 30 апреля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Тобыл-Торғай облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының мамандары өңірдегі су айдындарында күзет шараларын күшейтті. Бұл қадам ең алдымен балықтардың уылдырық шашу науқанының басталуымен байланысты.
Мамандардың айтуынша, дәл осы кезеңде балықтар таяз сулы өзен қалташалары мен елді мекендерге жақын маңдағы шағын өзектерге жаппай жиналады. Табиғи көбею процесі жүріп жатқан осы сәтте заңсыз балық аулаушылардың, яғни браконьерлердің белсенділігі арта түсетіні белгілі.Сол үшін өзен суында күзет күшейтілді.