Облыста әлеуметтік тауар бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер анықталды
Шектен шыққан үстеме: Облыста әлеуметтік тауар бағасын негізсіз өсірген кәсіпкерлер анықталды. Облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жүргізген мониторинг нәтижесінде заң талаптарын сақтамаған 9 кәсіпкер жауапқа тартылды. Тексеріс барысында анықталғандай, аталған кәсіпкерлер қант, күріш және сүт сияқты халық көп тұтынатын тауарлардың бағасына заңда белгіленген 15 пайыздық шекті үстемеден артық сомма қосқан.



