Лисаков қаласындағы мектеп-лицейде «ProEdu» педагогикалық идеялар фестивалі аясында облыстық семинар өтті
Лисаков қаласындағы мектеп-лицейде «ProEdu» педагогикалық идеялар фестивалі аясында облыстық семинар өтті. Жиынның басты тақырыбы — мектепке дейінгі және мектеп қабырғасында STEAM-оқыту жүйесін енгізу. Шараға Қостанай облысының түкпір-түкпірінен білім беру мекемелерінің өкілдері жиналды.



