27.04.2026 09:47
Қазақ Қазақ
USD 464.86
EUR 544.03
RUB 6.14
Жаңалықтар

Елімізде мүгедектігі бар жандарға арбалар мен протездер енді уақытша жалға берілетін болады

  • 27 апреля, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

Елімізде мүгедектігі бар жандарға арбалар мен протездер енді уақытша жалға берілетін болады. Жаңа ережеге сай, 5 жыл пайдаланылған оңалту құралы қайта алынып, жөнделіп, кейін келесі мұқтаж жанға табысталады. Бұл бастаманы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев Үкімет отырысында мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, қазіргі «қайтарымсыз беру» жүйесі құралдардың нақты күйін, тозу деңгейін және оны қайта жөндеу мүмкіндігін ескермейді. Арбаға таңылған жандар бұл жаңашылдықты қалай қабылдады?