Тобылдық тұрғын соғыс ардагерлерінің ерліктерін насихаттауды әдетке айналдырған
Тобылдық тұрғын соғыс ардагерлерінің ерліктерін насихаттауды әдетке айналдырған. Ол өзі тұратын көшеден қанша азамат соғысқа аттанғанын анықтап, арнайы баннер жасап, үй жанына іліп қойған. Ол Тобыл қаласындағы №2 мектеп оқушыларымен кездесіп, қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш Хиуаз Доспанованың майдан даласында жасаған ерлігін насихаттады.



