Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасының марапаттау рәсімі өтті
Кітап күні. Осыған орай Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасының марапаттау рәсімі өтті. Бұл шараға 55 мыңнан астам өңір тұрғыны қатысып, қыркүйек айынан бастап 15 кітапты оқып шығып, арнайы сынақтан өтті. Олардың ішінде 156 адам жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар қатарында мектеп оқушылары, студенттер және мемлекеттік қызметкерлер бар. Бірінші орын иегерлері Астана қаласында марапатталуда. Ал екінші және үшінші орын иегерлері бүгін облыс әкімі қатысқан салтанатты жиында марапатталды.



