Көру қабілеті нашарлаған балалардың білім алуына лайықты жағдай жасалмаған
Көру қабілеті нашарлаған балалардың білім алуына лайықты жағдай жасалмаған. Мектептерде үлкен қаріппен басылған оқулықтар, арнайы материалдар мен техникалық құралдар жетіспейді. Аталған мәселені сенат депутаты Амангелді Есбай көтерді. Оның сөзінше, бұл оқу сапасына тікелей әсер етеді. Қостанайдағы ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған оқу ордасының қауымы да депутаттың сөзін қолдап отыр.



