Әлеуметтік желідегі ерегес, көшедегі төбелеске ұласты
Әлеуметтік желідегі ерегес, көшедегі төбелеске ұласты. Қостанайда бір топ қыз-келіншек қала көшелерінің бірінде ашықтан-ашық жаға жыртысып, шаш жұлысты. Желіде тараған бейнежазбаларға сүйенсек, бұрымдылардың арасында аутизмі бар балаларға қатысты даулы пікір білдірген блогер де болған көрінеді. Облыс жолдарындағы ахуал да көңіл көншітпей тұр. Тағы бір жол апаты салдарынан жас бойжеткен ауыр жарақат алды.



