Қостанайлық құтқарушылар көпқабатты үйлердің ауласына кіретін жолдарды тексеруге көшті
Өрт сөндіру барысында әр секунд маңызды. Қостанайлық құтқарушылар көпқабатты үйлердің ауласына кіретін жолдарды тексеруге көшті. Себебі заңсыз қойылған бөгеттер құтқарушылардың уақытын алып, қайғылы жағдайларға соқтыруы мүмкін. Мамандар арнайы рейд жүргізіп, аула ішіндегі жолдарды бөгеп тұрған кедергілерді алып тастады.



