Елімізде банк шоттары бұғатталған азаматтарға арналған акция өтіп жатыр
Елімізде банк шоттары бұғатталған азаматтарға арналған акция өтіп жатыр. 30-шы сәуірге дейін олар жалақы, зейнетақы, жәрдемақы және алимент түсетін шоттардағы тыйымды алып тастай алады. Шотты бұғаттан шығару үшін азаматтар Adilet.gov мобильді қосымшасы арқылы жеке сот орындаушысына өтініш беріп, жұмыс орнынан немесе Мемлекеттік әлеуметтік төлемдер орталығынан алынған растайтын анықтамаларды қоса тіркеуі қажет. Айта кету керек, бұл рәсім қарыздар мен айыппұлдарды төлеу міндетінен босатпайды.



