16.04.2026 10:50
Қазақ Қазақ
USD 474.08
EUR 558.28
RUB 6.26
Жаңалықтар

Биыл қалада ауқымды құрылыс жұмыстары қарқын алды

  • 16 апреля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Арқалықтың ажары ашылып, айбыны арта түспек. Биыл қалада ауқымды құрылыс жұмыстары қарқын алды. Соның бірі – тұрғындар көптен күткен жабық хоккей корты. Құны 550 миллион теңгеден асатын жоба қысқы спортты дамытуға серпін береді. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен заманауи денешынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр.Жалпы, қалада спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән берілуде. Биыл Арқалықта үш бірдей әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.
Ал алдағы уақытта қала облыстық жазғы спартакиаданы қабылдамақ.