Наурыз айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде Қостанай қаласы бойынша тәртіп бұзушылықтың төрт жағдайы тіркелді
Наурыз айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде Қостанай қаласы бойынша тәртіп бұзушылықтың төрт жағдайы тіркелді. Тыйым салынған заттарды алып кірген тест тапсырушылар аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы филилалының сарапшылары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, биылғы ең жоғары балл 132-ні құрады.



