13.04.2026 10:01
Қазақ Қазақ
USD 473.13
EUR 554.08
RUB 6.13
Жаңалықтар

Бұралқы иттер Лисаков қаласының маңындағы Октбярский кентінің тұрғындары үшін өзекті мәселеге айналған

  • 13 апреля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 3

Бұралқы иттер Лисаков қаласының маңындағы Октбярский кентінің тұрғындары үшін өзекті мәселеге айналған. Жергілікті ағайынның айтуынша, көше кезген төртаяқтылар саны көбейіп барады. Олар мектеп, балалар ойын алаңдарынан шықпайды. Баладарының қауіпсіздігіне алаңдаған қараша қолданыстағы шаралар әзірге нақты нәтиже бермей отыр дейді. Айта кетейік, биылдан бастап қаңғыбас жануарларды аулау жұмысы әкімдіктер жанындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімдерінің құзырына берілді. Лисаков қаласы мен Октябрьский кенті аумағында тиісті жұмыстарды мамандар сәуір айының екінші жартысында бастауды жоспарлап отыр.