26.09.2026 09:32
Қазақ Қазақ
USD 441.88
EUR 503.61
RUB 5.24
Жаңалықтар

«Север-Комбинат» — Қостанай облысындағы картон-қағаз бұйымдарын қайта өңдеумен және өндірумен айналысатын жалғыз кәсіпорын

  • 13 апреля, 2026
  • 1 минут оқу
  • Просмотров: 10

«Север-Комбинат» — Қостанай облысындағы картон-қағаз бұйымдарын қайта өңдеумен және өндірумен айналысатын жалғыз кәсіпорын. Бұл — бүгінде Қостанайда іске асырылып жатқан ауқымды жоба. Өндіріс ошағы жұмысын жаңа бастағанына қарамастан, қазірдің өзінде бүкіл Қазақстан бойынша тапсырыс берушілермен жұмыс істеп жатыр. Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде «Север-Комбинат» бірнеше өндірістік желіні іске қосты. Соның бірі — жылына 2,5 мың тоннадан астам өнім шығаруға қауқарлы «Tetra Pak» үлгісіндегі көпқабатты қаптама қалдықтарын қайта өңдеу желісі.