07.07.2026 20:23
Қазақ Қазақ
USD 471.04
EUR 538.54
RUB 6.17
Жаңалықтар

Лисаков қаласында «Жасыл ел» бағдарламасына құжат қабылдау науқаны мәресіне жетті

  • 10 апреля, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 9

Лисаков қаласында «Жасыл ел» бағдарламасына құжат қабылдау науқаны мәресіне жетті. Биыл еңбек жасағына қосылуға ниет білдіргендердің қарасы өткен жылғыдан әлдеқайда көп. Жазғы маусымда 90 жас жұмыспен қамтылып, олардың бір бөлігі Октябрь кентін абаттандыруға атсалысады. «Жасылелдіктерді» тек жұмыс қана емес, сонымен қатар түрлі мәдени және волонтерлік шаралар күтіп тұр. Еңбек майданының қатысушылары 1 маусымнан бастап іске кіріспек.