Лисаков қаласында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда
Лисаков қаласында атаулы әлеуметтік көмек көрсету жалғасуда. Қаржылай қолдау табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен азаматтарға беріледі. Екінші тоқсанда бұл көрсеткіш бір адамға 44 мың теңгені құрап отыр. Төлем мөлшері әр отбасының табысына байланысты жеке есептеледі. Бұл ретте кірістің барлық түрлері ескеріледі. Сондай-ақ, кейбір әлеуметтік жәрдемақылар есепке алынбайды. Көмек алу үшін өтінішті онлайн түрде немесе мансап орталығына жеке барып тапсыруға болады.



