Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры енді медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдарды телефон арқылы қабылдамайды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры енді медициналық қызмет сапасына қатысты шағымдарды телефон арқылы қабылдамайды. Яғни, 1414 байланыс орталығына қоңырау шалып, арыз қалдыру мүмкіндігі тоқтатылды. Бұл өзгерісті Денсаулық сақтау министрлігі арнайы құжат арқылы бекітті. Мамандардың айтуынша, мұндай шешім азаматтардың жеке деректерін қорғау және дәрігерлік құпияның сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Ал шағым айтқысы келгендер арнайы қосымша, не сайт арқылы өз мәселесін жолдай алады.



