Қостанайда «Студенттік көктем – 2026» фестивалі бастау алды
Қостанайда «Студенттік көктем – 2026» фестивалі бастау алды. Жалынды да дарынды жастардың басын қосқан бұл шараға өңірдегі 7 жоғары оқу орнынан мыңнан астам студент қатысып жатыр. Қатысушылар бір ай бойы спорт, өнер және шығармашылық бағыттары бойынша 14 түрлі сайыста бақ сынайды. Фестиваль қортынды бойынша жеңімпаздар атанып, ақшалай сыйақыға ие болады. Бас жүлде 2 миллион теңге.



