Өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік дамып келеді
Өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік дамып келеді. Былтыр 83 млн теңгеге 17 грант жобасы жүзеге асса, биыл осы мақсатта 93 млн теңге бөлініп отыр. Әлеуметтік осал топтарды қолдау үшін берілетін қайтарымсыз грант арқылы кәсіп ашқан азаматтардың қатары артуда. Сондай жандардың бірі, Дүйсенғали Оспанов. Ол мүгедектігі бар азаматтарға автокөліктерді қолмен басқаруға мүмкіндік беретін шеберхана салуды жоспарлап отыр.



