Қостанай облысында волонтерлік бастамаларды қолдауға бюджеттен 19 млн теңгеден астам қаражат бөлінді
Қостанай облысында волонтерлік бастамаларды қолдауға бюджеттен 19 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Биыл Халықаралық еріктілер жылы аясында өңірде 11 ірі жоба іске асырылмақ. Соңғы бес жылда республика бойынша еріктілер ұйымдарының саны 4 есеге өсіп, белсенділер қатары 300 мыңға жетті.



