Қостанай қаласының орталығында жаңа тұрғын үй алабы бой көтереді
Қостанай қаласының орталығында жаңа тұрғын үй алабы бой көтереді. Жобаға сәйкес, онда бірнеше подъезден тұратын он екі қабатты тұрғын үй салынады. Құрылыс жұмыстары облыстық аурухана бойындағы көшеде жүргізілмек. Бүгін осы мәселеге қатысты қоғамдық тыңдаулар өтті. Жиында тұрғындар тарапынан жаңа ықшам ауданда мектептер ашыла ма, көлік инфрақұрылымы мұндай жүктемеге төтеп бере алады ма сынды сұрақтар қозғалды. Оның соңы қызу пікірталасқа ұласты.



