Қостанай облысында тасқынға дайындық аясында су қоймаларынан су жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Қостанай облысында көктемгі тасқынға дайындық аясында су қоймаларынан су жіберу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда гидротехникалық құрылымдар орташа есеппен 67% толы. Мамандар төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық су қоймалары қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілгенін айтады. Бұдан басқа, тозығы жеткен гидротехникалық құрылымдар жөндеуден өтпек.



