Ұлттық спорт күні
Ұлттық спорт күні. Қостанай ауданына қарасты Заречный елдімекенінде ұлттық рухты жаңғыртып, жас ұрпаққа ата-баба дәстүрін насихаттау мақсатында ауқымды спорттық шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар арасында жамбы ату, дәстүрлі садақ ату және аударыспақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Қатысушылар өздерінің ептілігі мен мергендігін сынап, батылдық пен шапшаңдықтарын көрсетті. Әсіресе, жамбы ату мен садақ тартуда оқушылардың дайындығы мен қызығушылығы жоғары екені байқалды.



