17.03.2026 09:39
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32
Жаңалықтар

Қостанайда тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы ресми түрде іске қосылды

  • 17 марта, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

«Ескі үйдің орнына — жаңа баспана. Қостанайда тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасы ресми түрде іске қосылды. Шаһардың сәулетін жаңарту жобасы негізінен жеке инвесторлардың есебінен жүзеге аспақ. Яғни, құрылыс салушылар апатты үйлерді бұзып, оның орнына заманауи кешендер тұрғызады, ал тұрғындарға жаңа пәтерлерден қоныс береді. Қала әкімінің мәлімдеуінше, ауқымды науқан алдымен КЖБИ ауданынан басталады. Бағдарлама аясында тек үйлер ғана емес, әбден тозығы жеткен инженерлік желілер де жаңартылмақ.