Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде референдумда дауыс беруге ниетті жандардың алдына жиналған
Тобыл қаласындағы «Алтын дән» мәдениет үйінде референдумда дауыс беруге ниетті жандардың бірсыпырасы учаскелер ашылғанға дейін-ақ есік алдына жиналған. Тілшілеріміз байқағандай, кейінгі уақыттарда да қала тұрғындарының қарасы үзілмеген : жұртшылық тіркеуден өту үшін комиссия мүшелеріне минут сайын келіп жатты. Келгендердің басым бөлігі жалпыхалықтық таңдаудың маңыздылығын алға тартып, азаматтық ұстанымын білдіру — әрбір қазақстандықтың парызы екенін атап өтті.



