Қостанай іргесіндегі Заречный ауылы бүгін нағыз цифрлы майданға айналды
Қостанай іргесіндегі Заречный ауылы бүгін нағыз цифрлы майданға айналды. Мұнда облыстың ең үздік 200-ге жуық жас инженерлері жиналып, «National Robotics Games» додасында бақ сынады. Үшінші жыл қатарынан дәстүрге айналған бұл жарыс – ұлттық құндылық пен жасанды интеллектіні қалай ұштастырды? Темір тұлпарды емес, темір роботты тізгіндеген өрендердің жеңіске деген құштарлығы қандай?



