Қостанайда студенттермен ел болашағы туралы еркін форматта сұхбат жүргізілді
Қостанайда студенттермен ел болашағы туралы еркін форматта сұхбат жүргізілді. Үйреншікті баяндамалар мен ұзақ лекциялардың орнына — думанды концерт, интерактивті ойындар мен ашық пікір алмасу. Облыс орталығында өткен форумда жастарға алдағы республикалық референдум мен Ата заңның жаңа жобасы таныстырылды. Бір сахнада — депутаттар, сарапшылар және танымал өнер жұлдыздары бас қосты. Мұндай креативті тәсіл жалынды жастардың көңілінен шықты ма?



