11.03.2026 10:00
Қазақ Қазақ
USD 511.26
EUR 597.61
RUB 6.32


Жаңалықтар

Қостанайда ресми тізімге бүгінде төрт апатты үй енгізілген

  • 11 марта, 2026
  • 0 минут оқу
  • Просмотров: 3

Қостанайда ресми тізімге бүгінде төрт апатты үй енгізілген. Олар Кочубей және Садовая көшелерінде орналасқан. Үйлердің бірінде шатыр адамдар тұруға шыдамай, опырылып түсті. Қазір тұрғындар заттарын жедел жинап, мүмкіндігінше тез арада бұл ескі екі қабатты үйден көшіп шығуға мәжбүр. Тұрғын үй қатынастары бөлімі хабарлағандай, жеке құрылыс компаниясы уақытша баспана тауып беруге көмектеседі. Ал кейінірек, апатты пәтерлердің орнына заманауи, жаңа баспаналар беріледі деп жоспарланып отыр.