Науырзым ауданында мал іздеуге шығып жоғалып кеткен ер адам табылды
Науырзым ауданында мал іздеуге шығып жоғалып кеткен ер адам табылды. Ай далада байланыссыз қалған азаматтың қайда екенін анықтау үшін, төтенше жағдайлар қызметі жоғары өтімді арнайы техника мен тікұшақ қолданған. Бұдан бөлек, ТЖД өкілдері боранды күні тас жолда қар құрсауында қалған азаматтарды да құтқарды. Эвакуацияланғандардың қатарында жүкті әйел мен кішкентай бала да болған.





