Қостанай қаласында қоқыс құбырларын пайдаланатын тұрғын үйлердің саны жыл санап азайып келеді
Қостанай қаласында қоқыс құбырларын пайдаланатын тұрғын үйлердің саны жыл санап азайып келеді. Тұрғын үй қатынастары бөлімі мамандарының мәлімдеуінше, қала тұрғындары бұл қондырғыларды жабу туралы өздері өтініш білдіруде. Бұған басты себеп — техникалық құрылғылардың антисанитария ошағына айналуы. Нақтырақ айтқанда, қоқыс шахталарында кеміргіштер мен зиянкес жәндіктердің қаптап кетуі тұрғындардың мазасын қашырып отыр. Сонымен қатар, қоқыс шығарумен айналысатын мекемелер үшін де мұндай көпқабатты үйлерге қызмет көрсетудің өзіндік қиындықтары бар.





