Елімізде «Жол қоры» құрылуы мүмкін
Елімізде «Жол қоры» құрылуы мүмкін. Бастаманы Мәжіліс депутаты, «Республика» фракциясының мүшесі Олжас Құспеков ұсынды. Депутаттың айтуынша, еліміздегі көптеген тас жолдар әбден тозған. Соның салдарынан жол-көлік оқиғаларының саны артып келеді. Ал жол жабындысын тиісті деңгейде жөндеу мен жаңартуға қаржы жетпейді. Осы мәселені шешу үшін ол елде арнайы «Жол қорын» құруды ұсынды. Қорды ақылы жол учаскелерінен түсетін қаражат есебінен және көліктердің алдыңғы әйнектерін ақылы түрде қараңғылаудан түскен табыс арқылы қаржыландыру көзделіп отыр.





