Аутизмі және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы биыл екі жылдығын атап өтуде
Аутизмі және басқа да менталды бұзылыстары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы биыл екі жылдығын атап өтуде. Заманауи талапқа сай жабдықталған мекемеде бүгінде 170-тен астам бала тәрбиеленіп, кешенді қолдау алып жүр. Орталықта балалардың дамуына бағытталған түрлі арнайы кабинеттер жұмыс істейді. Атап айтқанда, тігін шеберханасы, сенсорлық кабинеттер, робототехника және LEGO кабинеттері қарастырылған. Мұнда балалар мамандардың көмегімен шығармашылық қабілеттерін дамытып, әлеуметтік дағдыларын қалыптастырып, жаңа технологиялармен жұмыс істеуді үйренеді.





